Электрондық витринаны тіркеу және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Процессинг орталығы» филиалының (бұдан әрі - ПО)
«Электрондық коммерция» автоматтандарылған жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) электрондық витринасын тіркеу және пайдалану
ережесі (бұдан әрі – Ереже) ғаламдық Интернет жүйесі пайдаланушыларының сондай-ақ банктің төлем карточкаларын
қолданып (бұдан әрі-төлем карталары) темір жол жол құжаттарына (бұдан әрі- темір жол билеттері) ақы төлеуді жүзеге
асыру, поездардағы бос орындар, жолаушылар поездарының қозғалысы жөнінде актуальдық анықтамалық ақпаратты тіркеу алу
және алу рәсімін реттемелейді.
2.Жүйемен жұмыс істейтіндердің барлығы екі санатқа бөлінеді: Жүйені тұтынушылар (Клиенттер); Жүйені пайдаланушылар
(оперативті бақылау әкімшісі, қаржы әкімшісі).
3.Осы ережелерде мынадай терминдер қолданылады:
- е–mail – пайдаланушының электрондық адресі;
- оn-line – нақты уақыт режимі;
- «Экспресс-3» АБЖ – «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы
автоматтандырылған басқару жүйесі;
- авторландыру – транзакцияны жүргізуге сұратуды қалыптастыру және рұқсат алу рәсімі;
- аутентификациялау – төлем картасының түпнұсқа екендігін, сондай-ақ Клиент оның заңды ұстаушысы екендігін растау
операциясы;
- Клиент – Электрондық витрина (бұдан әрі – Витрина) арқылы темір жол билеттерін сатып алуды жүзеге асыратын,
пайдаланушы;
- логин – Жүйедегі пайдаланушының идентификаторы;
- төлем картасы – электрондық терминалдар немесе өзге де құрылғылар арқылы ақшаға ол жеткізу құралы;
- токен – темір жол билеті тапсырысының деректері бар құжат;
2.Витринаның функциялары
4. Витрина клиентіне on-line режимінде мынадай мүмкіншіліктер беріледі:
- Анықтамалық ақпарат беруге арналған Жүйеге сұратуларды жіберуге (алыс сапарлық поездар қозғалысының актуальдық
кестесі, поездардағы бос орындардың болуы, вагон, орын үлгісіне, қосымша сервиске және т.с.с. қарай темір жол
билетінің құны, Қазақстан Республикасы, сондай-ақ ТМД елдері бойынша поездардың қатынау маршруты );
- Жүйемен диалог режимінде делдалсыз дербес халықаралық және республикалық қатынастағы поездарға темір жол
билетін сатып алу, кейін өзі мамандандырылған темір жол кассаларына келіп темір жол билетін алу үшін.
5. Клиенттің Жүйеде тіркелуінсіз Витрина анықтамалық-ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істей алады, бұл ретте оның жауабында
мынадай деректер болады:
- жолаушылар поездары қозғалысының актуальды on-line кестесі;
- жол жүру құны;
- бос орындардың болуы;
- поезд жөнінде ақпарат;
- станциялар бойынша кесте;
- поездың қатынау маршруты;
- қосымша ақпарат.
3. Клиентті Витринада тіркеу
6. Тіркеу рәсімін орындау үшін Витринаның бөлігі тағайындалған, ол Тіркеу мезіреті тармағының көмегімен
ашылады. Витринада тіркеу кезінде Клиент тиісті өрістерде өзінің дербес деректерін көрсетеді:
| Логин: |
Витринаға кіретін пайдаланушының идентификаторы ; |
| E-mail: |
Есепке алу жазбаларды активтендіру жөніндегі нұсқаулық жіберілетін электрондық почтаның адресі; |
| Корпоративтік клиент |
пайдаланушының корпоративтік клиентке жататынын анықтайтын жалау; |
| ТАЖ: |
Клиенттің тегі, аты - жөні; |
| - |
жеке басы куәлігінің нөмірі; |
| - |
жекеше тұлғаның СТН ; |
| Байланыс телефоны: |
қаланың коды көрсетілген телефон нөмірі немесе ұялы телефон нөмірі; |
| Пароль: |
пайдаланушы Витринаға кіретін ойдан шығарылған пароль; |
| - |
тіркеуге арналған терезеде көрсетілген цифрлардың бірізділігі (автоматтық тіркелуден қорғану мақсатында).
|
7. Барлық өрістер толтырылғаннан кейін Жөнелтілсін батырмасын басу керек. Нәтижесінде Жүйе енгізілген деректерге
талдау жүргізеді және егер деректер қорында пайдаланушының енгізілген идентификаторы бар жазба болған жағдайда,
«Осындай идентификаторы бар пайдаланушы Витринада тіркелген» деген ескерту шығарады. Бірегей идентификаторды
көрсеткен жағдайда ғана жұмысты жалғастыруға болады. Ойдағыдай орындалған тексерулерден кейін енгізілген дербес
деректерімен активті емес есепке алу жазба жасалады және Клиент көрсеткен электрондық почтаның адресіне есепке алу
жазбасының активтендірілуі жөніндегі нұсқаулық бар хат жіберіледі. Клиент өзінің есепке алу деректерімен Витринаға
кіру үшін Есепке алу жазбасын тіркеу жөнінде алынған нұсқаулықтың барлық ережелерін орындауға тиісті, олай болмаған
жағдайда – есепке алу жазбасы активтенбейді. Актив емес есептік жазбалар жасалынғаннан кейін екі аптадан соң
автоматты жойылады.
8. Егер тіркеліп отырған Клиент Корпоративтік клиент болған жағдайда, оперативтік бақылау әкімшісі ұйым (агенттік)
өтінімі негізінде Корпоративтік клиенттің шүбәсіздігін растауы тиіс, содан кейін Жүйе Клиенттің электрондық адресіне
есепке алу жазбасының активтелуі жөнінде нұсқаулықпен хат жібереді.
9. Автоматты тіркеулерден қорғану үшін суретте бейнеленген алты таңбалы сан енгізіледі. Егер саны бар сурет
көрінбесе, браузерде сурет көрсетілімінің қосылғанын тексеру қажет. Сурет көрсетілімі қосылғаннан кейін тіркелуге
қайта кіруге болады. Егер суреттегі санды анықтау қиын болса, ұқсас санды енгізу керек. Егер бұл да санды анықтауға
көмектеспесе, оны енгізуге қосымша әрекеттер мүмкіндігі беріледі.
10. Ұмытылған парольді қалпына келтіру мақсатында құпия сұрақ көрсетіледі (немесе ұсынылған тізімнен оны таңдау),
осы сұраққа жауап енгізіледі. Бұл ретте осы сұраққа басқалардың дұрыс жауап табуының қиын болуына ерекше назар
аудару қажет, ал Клиенттің оны ұмытпауы керек. Құпия сұраққа дұрыс жауап берілген жағдайда, жаңа пароль белгілеу
ұсынылады.
11. Пароль дұрыс көрсетілмеген және/немесе пайдаланушының іс жүзінде жоқ идентификаторы жағдайында, Витрина ескерту
шығарады және есептік жазба деректерін енгізуді қайталауды ұсынады. Пароль үш рет дұрыс енгізілмеген соң,
пайдаланушы бұғатталады. Бұғатталған пайдаланушыны, әкімшіге e-mail support@pcentre.kz немесе 8 (317-2)
31-77-26; 8 (317-2) 93-42-94. телефондары бойынша хабарласқанда әкімі бұғаттан шығарады.
4. Интернет арқылы темір жол билеттерін сатып алу
12. Клиенттерге темір жол билеттерін сатып алу мүмкіндіктерін беру Витринаның негізгі функциясы болып табылады.
Темір жол билеттерін сатып алу операциясы 7 кезеңде орындалады:
| 1 кезең |
Клиент поездың қажетті қатынау маршрутын (жөнелту орны және келу орны) және жөнелтілуге тиісті уақыт
аралығын көрсетеді.
Жүйе «Экспресс-3» АБЖ-ға хабарласады және тапсырылған критерийдерге келетін барлық поездардың тізімін
шығарады.
|
| 2 кезең |
Клиент тізімнен поезды таңдайды және поездағы бос орындар туралы сұрату жасайды.
Жүйе «Экспресс-3» АБЖ-ға хабарласып орындар үлгісінің тізімін шығарады (вагон үлгісі, орындардың орналасуы
және олардың саны).
|
| 3 кезең |
Пайдаланушы тізімнен белгілі үлгідегі орындарды таңдайды.
Жүйе «Экспресс-3» АБЖ сұрату жасайды және белгілі үлгідегі орындардың егжей-тегжейлі тізімін және олардың
тарифін шығарады.
|
| 4 кезең |
Клиент орын таңдайды және сатып алғысы келетін темір жол билеттерінің санын көрсетеді. |
| 5 кезең |
Деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін Клиент авторландыру және аутентификациялау рәсімін орындауға
тиіс. Клиент темір жол билеттері ресімделетін жолаушылардың деректерін енгізеді.
|
| 6 кезең |
Клиент темір жол билеттеріне ақы төлеу жүргізілетін төлем картасының параметрлерін енгізеді. |
| 7 кезең |
Жүйе сатып алынатын темір жол билеттерінің ақпараты бар токенді қалыптастырады
Клиент кассадан кейін темір жол билеттерін алған кезде көрсету үшін токенді басып шығарады
|
4.1. Қатынау жолын таңдау
13. Жүру маршрутын таңдау үшін Клиент деректерін көрсетуге тиісті:
- поездың жөнелту станциясын;
- поездың тағайындалған станциясы;
- КК/АА жөнелту күні;
- iздестіру үшін поездың жөнелту уақытының интервалы: интервалдың басы және интервалдың соңы (уақыт интервалы 24
сағаттан аспауға тиіс).
Жөнелту және тағайындау станциясын таңдағанда Витринада іздестіруді жеңілдету үшін станциялар тізімінің түсу механизмі
іске қосылған.
14. Бұдан әрі Клиент берілген уақыт интервалындағы осы маршруттағы поездар кестесін көре алады, немесе осы критерийлерге
сәйкес келетін поездардағы бос орындады іздеуге ауыса алады.
Кестені қарау үшін
Кестені іздеу батырмасын қолдану керек. Орын іздеу үшін
Орын іздеу батырмасын қолдану
керек. Осы батырмаларды басу арқылы Жүйе алдымен енгізілген деректердің дұрыстығына тексеру жүргізеді:
- жөнелту станциясы және Тағайындалған станция өрістері станциялар атауының басындағы жәнеодан
кейінгі әріптері бойынша (егер керек болса) кірістірілген тізімнің көмегімен автоматты түрде толтырылады. Егер
Жөнелту станциясы немесе Тағайындалған станция өрістері толтырылмаса, Витрина ескерту шығарады
және енгізуді қайталауды ұсынады;
- егер Клиент уақыт интервалының басын уақыт интервалының соңынан кешірек етіп көрсетсе, онда уақыт интервалының
басы мен соңының орындары автоматты түрде ауысады;
- Клиент интервал деректерін толық көрсетпеген жағдайда Витрина ескерту шығарады және қайталап енгізуге шақырады.
Деректер түзу болған жағдайда жүйе «Экспресс-3» АБЖ-ға хабарласуын орындап, одан тапсырылған критерийлерді
қанағаттандыратын поездар тізімін сұратады, содан кейін жауап деректерін бейнелейді.
15. Егер Клиент көрсетілген маршрут бойынша кесте сұратса, онда жауапта мынадай ақпарат көрсетіледі:
- поездың нөмірі;
- поезд маршруты;
- жөнелту уақыты;
- келу уақыты;
- жолдағы уақыт;
- арақашықтығы;
- поезд жүретін күндер.
Жолдағы уақыт
«ТТ тәулік СС сағат ММ минут», үлкен нольдік мәндер көрсетілмейді.
16. Егер Клиент орындар сұратса , онда тізімде сатуға арналған бос орындар бар поездар ғана көрсетіледі. Поездар
туралы ақпарат мынадай түрде көрсетіледі:
- поездың нөмірі;
- поезд маршруты;
- жөнелту уақыты;
- келу уақыты;
- жолдағы уақыт;
Егер көрсетілген уақыт интервалында немесе көрсетілген күнге бос орындары бар поездар болмаған жағдайда, Жүйе тиісті
ескерту шығарады және таяудағы күндерге бос орындары бар поездар тізімін шығарады.
17. Поездың жүру маршруты бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін поезды таңдаа алу керек, өрісте Radio Button
үлгісіндегі ауыстырғышты белгілеп Жүру маршруты батырмасын басу керек . Нәтижесінде жаңа терезе ашылады, онда
поездың жүру маршруты туралы егжей-тегжейлі ақпарат, маршруттың негізгі станцияларына келу уақыты көрсетіледі.
4.2. Маршрут бойынша бос орындар іздеу
18. Поездардағы орындар және Кесте бөлімдерінен поезд таңдағаннан кейін, Клиент поездағы бос орындар
үлгілері туралы ақпарат ала алады. Ол үшін «Орындар іздестіру» батырмасын қолдану керек.
19. Жүйе Клиентке поездағы бос орындар туралы мынадай ақпарат береді:
- вагон санаты;
- әрбір санаттағы орындар саны;
- санат шегінде әртүрлі үлгідегі (төменгі, жоғарғы және бүйірдегі) орындар саны.
20. Клиент вагон санатын таңдайды.
Жүйе «Экспресс-3» АБЖ –дан таңдап алынған санат вагондарындағы бос орындар туралы ақпарат сұратып орындар
тізімін шығарады:
- вагон нөмірі;
- вагонның тиесілігі;
- вагон белгісі;
- санат шегінде әр үлгідегі орындар саны;
- бір орынның құны.
21. Егер поезд үшін сатып алу жөнінде шектеулер болса, онда Витрина Клиент орындар сатып алатын вагондарды ғана
көрсетеді.
4.3. Темір жол билеттеріне ақы төлеу
22. Тапсырылған санаттағы бос орындар және олардың тарифтері туралы ақпаратты қарап, Клиент темір жол билеттерінің
белгілі санынг сатып алуы мүмкін. Ол үшін белгілі санаттағы темір жол билеттерінің санын көрсетуі және Тапсырыс
берілсін батырмасын басу керек.
23. Деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында Витрина Клиентке Витринаның пайдаланушысы ретінде алдын-ала
тіркелуді, сондай-ақ авторландыру және аутентификациялау рәсімін орындап Витринаға кіруді ұсынады.
24. Бұл үшін ол тіркелу кезінде алынған деректерді: идентификаторды, пароль енгізуге тиіс. Сәтсіздік жағдайында –
пароль дұрыс көрсетілмесе, пайдаланушының іс жүзінде жоқ идентификаторы көрсетілсе -Витрина ескерту шығарады және
есепке алу жазбаларының деректерін қайталап енгізуді ұсынады. Пароль үш рет дұрыс енгізілмесе, пайдаланушы
бұғатталады. Бұғатталған пайдаланушыны әкімші ғана бұғаттан шығарады. Деректердің ойдағыдай тексергеннен кейін
Витрина Клиентке билеттерге тапсырыс беруге рұқсат етеді.
25. Клиент талап етілген орындардың үлгілерін таңдайды және олардың санын көрсетеді.
Сатып алу кезінде билеттерге «Экспресс-3» АБЖ-да іріктеу белгілері қосымша белгіленуі мүмкін:
- көрсетілетін қызметтерімен;
- фирмалық емес, көрсетілетін қызметтерінсіз;
- арзан (фирмалық емес, көрсетілетін қызметтерінсіз);
- бір купеде, бүйірдегі емес;
- бүйірдегі емес;
- плацкартты вагонның бір бөлігінде;
- ерлер купесі;
- әйелдер купесі;
- аралас купе;
- төменгі орындар саны;
- жоғарғы орындар саны.
26. Тапсырыс берілсін батырмасын басқаннан кейін Витринаның Дербес деректер бөлімі ашылады, онда
Клиент темір жол билеттері ресімделетін жолаушылардың дербес деректерін көрсетуге тиіс. Кестедегі жолдар саны сатып
алынатын темір жол билеттерінің санына сәйкес болады. Клиент жолаушылардың мынадай дербес деректерін көрсетуге тиіс:
- жеке басын куәландыратын , құжаттың түрі;
- жеке басын куәландыратын құжат нөмірі;
- жолаушының тегі, аты - жөні.
27. Барлық өрістер толтырылып болғаннан кейін, Витринаның келесі
Пластикалық картамен төлемақы бөліміне өту үшін
Жалғастырылсын батырмасын басу керек.
Клиент бұл бөлімде темір жол билеттеріне ақы төлеу жүргізілетін, төлем картасының деректерін:
- картаның нөмірін (16 символ);
- CVV2 немесе CVC2 мәні, карта үлгісіне қарай;
- картаның әрекет ету мерзімі (YYYYMM форматында) енгізуге тиіс.
Сондай-ақ Клиент бұл бөлімде таңдап алынған санат шегінде әр үлгідегі орындар санын көрсетуге тиіс.
Құрметті клиенттер! Осы операцияны орындау үшін Сіздің карточкаңызда Интернет арқылы ақы төлеу мүмкіндігі ашылуға
тиіс. Ол үшін Сізге өзіңіздің банкіңізге хабарласу қажет.
28. Барлық өрістер толтырылып болғаннан кейін Жалғастырырылсын батырмасын басу керек. Нәтижесінде Жүйе
тапсырыс деректерінің Жүйеде белгіленген ережелерге сәйкестігіне тексеруді орындайды. Егер тексеру ойдағыдай
болмаса, Витрина қателік туралы тиісті хабарлама шығарады және сатып алу операциясын үзеді. Осы ережелер Клиенттің
сенім деңгейіне сәйкес сатып алу операцияларының аяқталуына арналған лимиттер критерийі болып табылады.
29. Тексерулер ойдағыдай болған жағдайда Витрина темір жол билеттеріне төлемді Клиенттің төлем картасынан жүргізеді.
Бұл ретте Витринада клиенттің карт-шотынан қосымша алынатын электрондық төлем комиссиясының көлемі туралы және осы
операцияға өзінің келісімін тиісті батырманы таңдау жолымен растау қажеттігі туралы клиентке арналған хабарлама
көрсетіледі.
30. Содан кейін Витрина Клиентке тапсырыс деректері бар баспаға дайындалған құжат – токенді қалыптастырады және
бейнелейді. Клиент токенді басып шығарып, оны темір жол билеттерін алған кезде көрсетуге тиісті. Витринада токендегі
мына ақпарат көрсетіледі:
- тапсырыстың нөмірі;
- төлемнің жағдайы;
- Экспресс-3-тегі тапсырыс идентификаторы;
- вагон үлгісі және қызмет көрсету класы;
- құны;
- вагон нөмірі;
- орын.
31. Токенді басып шығару үшін
Басуға арналған нұсқа сілтемесін қолдану керек. Нәтижесінде жаңа терезеде баспаға
арналған токен көрсетіледі. Токенде басылатын деректер тізімі:
- тапсырыстың нөмірі;
- Экспресс-3-гі тапсырыс идентификаторы;
- құны;
- жөнелту станциясы;
- тағайындалған станциясы;
- поездың нөмірі;
- поездың жөнелту күні мен уақыты;
- тапсырыс күні;
- билеттің жағдайы;
- төлемнің жағдайы;
- билет сатып алынған, жолаушылардың дербес деректері.
32. Клиент токенді басып шығарады. Принтер болмаған жағдайда кейін басып шығару үшін деректерді магнитті жеткізгіште
сақтайды, немесе қағаз парағынажазады.
33. Клиенттің есеп шотында жеткілікті қаражат болмаса оған темір жол билеттерін сатудан бас тарту туралы хабарлама
беріледі.
4.4. Темір жол билеттерін алу
34. Интернет арқылы төленген жол жүру құжатын алу үшін , Клиент билет кассасына барады және мынадай құжаттарды:
- тапсырыс деректері бар токен , немесе нөмірді атайды;
- жеке басын куәландыратын құжатты;
- тапсырыс деректеріне сәйкес барлық билеттерге жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетеді.
Кассир токенде көрсетілген жолаушылар поезд және жолаушылар туралы деректерді «Экспресс-3» АБЖ-дағы электрондық билет
ақпаратымен салыстырады және, олар сәйкес келген жағдайда басып шығарып жолаушыға жол жүру құжатын береді. Токендегі
және Жүйенің деректер қорындағы ақпараттар сәйкес келмеген жағдайда , кассир жолаушыға билет беруден бас тартады.
Осы фактіні бұдан әрі тексеру үшін клиент ПО- ға хабарласады.
35. Компания, жоғарыда берілген тапсырыс алу тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Тәртіптегі өзгерістер
Витринадағы Қызметтер көрсету ережелерінде көрсетіледі.
5. Тапсырыстар тарихын қарау
36. Клиенттің тапсырыстар тарихын қарау үшін Витринаның Менің тапсырыстарым бөлімі арналған. Клиентке
Витринада оның тапсырыстарының тарихы бар таблица беріледі, онда әр жолға бір тапсырыс сәйкес келеді. Тапсырыстар
тарихы мынадай параметрлермен есеп түрінде көрсетіледі:
- тапсырыстың идентификаторы (тапсырыстың нөмірі мен күні);
- төлемнің жағдайы;
- поездың нөмірі;
- жөнелту станциясы;
- тағайындау станциясы;
- жөнелту уақыты;
- орындар саны;
- құны.
37. Тапсырысты егжей-тегжей қарау үшін тапсырыс идентификаторында тінтуірдің сол жақ клавишасын басу керек, нәтижесінде
тапсырыс параметрлері көрсетіледі. Витрина тізімінен тапсырыс таңдаған кезде тапсырыстың мынадай параметрлері бар есеп
көрсетіледі:
- тапсырыстың идентификаторы;
- поездың нөмірі;
- құны;
- жөнелту станциясы;
- тағайындау станциясы;
- жөнелту уақыты;
- төлемнің жағдайы;
- барлық жолаушылардың дербес деректері.
38. Тапсырыс параметрлерін басып шығаруға болады, ол үшін
Басуға арналған нұсқа сілтемесін қолдану керек.
Нәтижесінде жаңа терезе ашылады, онда басып шығаруға әзірленген тапсырыс туралы ақпарат болады:
- тапсырыстың идентификаторы;
- поездың нөмірі;
- вагон санаты мен нөмірі;
- орындар;
- маршрут;
- жөнелту күні;
- құны.
6. Сатып алынған билеттерден бас тарту
39. Егер «Экспресс-3» АБЖ және Жүйе төленген соманы клиенттің карт-шотына қайтара отырып, тапсырыстың күшін жоюға
мүмкіндік берсе, онда Витринадағы тапсырыс жолағында «Сатуды болдырмау» батырмасы болады.
40. Егер Витрина темір жол билетін қайтару операциясын орындауға мүмкіндік бермесе, клиент алдымен темір жол билетін
кассадан сатып алады, содан соң оны қайтару заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
7. Компания мен Клиенттің міндеттемелері
41. Компанияның міндеттемелері:
- идентификациядан ойдағыдай өткен Клиенттерге көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді ұсыну. Клиенттің
идентификаторлары ретінде қол жеткізу үшін логин мен пароль қолданылады;
- Клиентті Көрсетілетін қызметтердегі өзгерістер, Көрсетілетін қызметтерді пайдалану тәртібі және Витринадағы Көрсетілетін
қызметтерді ұсыну ережелерінде тиісті хабарламалар орналастыру жолымен, Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу
тәсілдері туралы хабардар ету;
- Клиенттерді қолдауды қолдау қызметінің телефондары және электрондық почта арқылы жүзеге асыру. Қолдау тәулік
бойы жылына 365 күн қамтамасыз етіледі. Клиенттерді қолдау электрондық почтамен мына адрес Vitrina@railways.kz,
Интернет-пейджер ICQ# 476756466 және мынадай телефон нөмірлері: 8-717-2-31-77-26;
8-717-2-93-42-94 бойынша жүргізіледі.
42. Клиенттің міндеттемелері:
- көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін қолданылатын аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді өздігінше
ретке келтіру;
- өздігінше немесе Компания Операторлары консультацияларының көмегімен тіркелуді жүзеге асыру;
- Тапсырыс бергенде және билеттер сатып алғанда сенімді деректерді көрсету, сондай-ақ логинді үшінші адамдарға
жарияламау;
- Компания көрсететін қызметтерді осы Ережеге және Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті құқықтық нормаларына
сәйкес пайдалану.
43. Тараптардың жауапкершілігі:
- Деректердің дұрыс түсіндірілмеуі салдарынан болған ысыраптарды Компания өтемейді және олар үшін жауапты
болмайды;
- Клиенттің жол жүру жағдайлары өзгерген кезде Компания жауапты болмайды. Клиент пайдаланылмаған билеттерді, Жол
жүру құжаттарын қайтару ережелеріне сәйкес қайтару кассасына өзі тапсыра алады;
- Компания көрсететін қызметтерді пайдалануға байланысты толық жауаптылық пен қатерді Клиент өзіне алады;
- Осы қызметтерді ұсынуға байланысты Компания ешқандай кепілді міндеттемелер алмайды;
- Тараптар міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмағаны үшін, егер ол тойтарылмас күштердің: өрт, су
тасқынының, жер сілкінудің, электроэнергиясы, деректерді тапсыру жүйесі жұмысы іркілістерінің (коммуникациялық
іркілістер) және Тараптар бақылауынан тыс басқа да жағдайлардың салдарынан болса жауапкершіліктен босатылады.