Ознакомьтесь с правилами оформления покупки железнодорожного билета
RU | KZ

Вход:     логин    пароль

Регистрация
 
Главная
Правила пользования
Информация для пассажиров
Новости
Справочная служба
Обратная связь
 

Билет, оформленный на нашем сайте, можно распечатать в билетных кассах АО «Пассажирские перевозки» (кроме города Петропавловск) или в частных агентствах по продаже железнодорожных билетов, а также посредством транзакционного терминала самообслуживания (ТТС) только на территории Республики Казахстан.
Подробности в разделе "Справочная служба".
АО «Пассажирские перевозки» предлагает доставку железнодорожных билетов, приобретенных на нашем сайте!

 

Құрметті жолаушылар тасымалы қызметтерін пайдаланушы!

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Электрондық витринасында
Сізге банктің картасы көмегімен бір уақытта ақысын төлеп өздігіңізден темір жол билетін сатып алуға тапсырыс ресімдеуге мүмкіндік берілген.

Интернет арқылы темір жол билетін ресімдеу кезінде жанжалдық ахуал болдырмау үшін
келесі ақпаратпен міндетті түрде танысуды сұраймыз.


        

 

Темір жол билетін сатып алуды ресімдеу ережесі

Темір жол билеттерін «Экспресс- 3» АБЖ - да бос орындар болған жағдайда поезд жүруге 45 тәулік қалғанда және поезд жөнелтілуден 2 сағаттан кешіктірмей сатып алуға болады. Темір жол билеттерінің тапсырысын ресімдеу поезд жүруге 45 тәулік қалғанда Астана уақытымен 8 сағ. 00 мин. басталады. Темір жол билеттері Жолаушылар тасымалы» АҚ-на мемлекеттік ішкі қатнастағы 46 поезға және ТМД жолдарының 23 поездарына ғана ресімделеді, поездар тізімі жолаушыларға арналған Ақпаратта берілген. Түсінбеушіліктер және жолаушылардың поезға кешігулерін болдырмау үшін, билет кассасында темір жол билетін алу уақытын толық есептеуіңізді сұраймыз. Темір жол билеттері тек қана «толық» тариф бойынша ресімделеді.


Бір тапсырыста 4 жолаушының дербес деректері көрсетіліп 4 темір жол билеті ғана ресімделуі мүмкін. Интернет арқылы төленген темір жол билеттерін Петропавл қаласынан басқа, Қазақстан Республикасы аумағында ғана «Жолпаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында алуға болады. Темір жол билетін сатып алу тапсырысын ресімдеу алдында Тіркелу рәсімі орындалады, егер Сіз тіркелген болсаңыз, Өзіңіздің логин және пароліңізді қолданыңыз. Жолаушының дербес деректері, құжатта көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс. Егер дербес деректер құжатта екі тілде (орыс және латин), тапсырыстағы ақпарат орыс тілінде толтырылады. Сіздің жеке куәлігіңізде жөніңіз болмаған жағдайда «жөні» бағанына «жоқ» сөзін енгізу қажет.

Жеке басын куәландыратын дербес деректерді немесе құжаттар деректемелерін енгізгенде қателер болған жағдайда, кассир темір жол билетін ресімдеуден бас тартуға құқылы.

Тапсырысқа ақы төлеу кезінде банк картасының келесі параметрлері енгізіледі: картаның нөмірі және әрекет ету мерзімі, сондай-ақ картаның түпнұсқалығын тексеретін үштаңбалы немесе төрттаңбалы (CVV2 немесе CVC2) коды. Код CVV2 (CVC2) карта нөмірінің соңғы 4 цифрынан кейін, ұстаушы қол қоятын жолаққа орналасқан.



Тапсырысқа ақы төлеу кезінде Клиенттен банктің комиссиясы алынбайды. Интернет жүйесінде Сіздің картаңыз бойынша ақы төлеу ерекшеліктері туралы түсініктемелер, ақы төлеуден бас тарту себептері жөнінде Өз банкіңіздің қолдау қызметіне хабарласыңыз. Темір жол билеттерін бланкіде ресімдеу (басып шығару) токен немесе тапсырыс сәйкестендіргіші (14цифр) негізінде тапсырыста көрсетілген (токенде) жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі.Токен темір жол билеті болып табылмайды және жол жүру құқығын бермейді. Төлем картасын қолданып Интернет арқылы сатып алынған темір жол билетінен бас тарту, Клиенттің карт-шотына есептелген соманы қайтару, Витринада билетті тапсырыс берілген сәттен бастап бір сағат ішінде және поезд жөнелтілуінен 48 сағат бұрын жүргізіледі. Егер Витрина тапсырыстан бас тарту операциясын орындатпаса, Клиент жеке басы куәлігін (немесе төл құжатын) және тапсырыс нөмірін көрсетіп кассадан темір жол билетін сатып алады, содан кейін белгіленген тәртіппен оны қайтаруды жүргізеді. Темір жол билетін қайтару үшін жеке басы куәлігінің (немесе төл құжаттың) көшірмесі болуы керек.


Электрондық витринада:
  • банктің картасы бойынша олардың бір уақытта төлемінсіз орындар резервтеу;
  • алыс шет елдерімен халықаралық қатынаста жол жүруді ресімдеу;
  • ақшасыз және жеңілдікті темір жол билеттерін ресімдеу;
  • темір жол билеттерін қайта ресімдеу;
  • жекеменшік тасымалдаушылар поездарына және вагондарына жол жүруді ресімдеу жүргізілмейді.

Электрондық витринаның қалыпты жұмысы үшін Internet Explorer v7 немесе жоғарыны қолдану қажет.

Электрондық витрина жұмысының сипаты туралы толық ақпарат Жолаушылар үшін ақпарат және Электрондық витринаны қолдану ережелерінде берілген.





 


e-mail: Vitrina@railways.kz   |   ICQ: 476756466   |   

phone: 8(717-2) 60-66-60 8(717-2) 60-66-56 круглосуточно